Есірткі сатумен айналысқан Балқаш тұрғыны 10 жылға сотталды. Ер адам 14 келі марихуананы өткізіп, пайда таппақ болған. Алайда, бұл ойы іске аспады. Сатып алушылардың бірі оны полицейлерге ұстап берген. Осылайша қолға түскен саудагердің айтуынша ол есірткіні тауып алған. Бірақ, оны полицейлерге апарып өткізудің орнына сата бастаған. Судья, ер адамды кінәлі деп тауып 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.
Әділ Күлпейісов-қалалық прокуратураның прокуроры
«Балқаш қаласының тұрғыны есірткіні сақтап, сатқаны үшін жауапқа тартылды. Кәмелетке толмаған балаларына қарап, сот 10 жылға жауапқа тартты».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login