Аяулы қызымыз, сүйікті жар Кожахметова Нұржамал Төлеуғазықызы! Сені 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз! Зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, әрқашанда жанымызда жүре беруіңді тілейміз!
Қуанышқа, қызыққа кенеле бер,
Қажымай жүзге жетіп немере көр.
Жан-жағыңа сая болып көлеңкеңіз,
Мәуелі бәйтеректей көгере бер.
Елу жас — енді өмірдің басталғаны,
Жетіңіз талай шыңға, асқарға әлі!
Қос жанар — қос балаң аман болсын,
Сол емес пе ананың басты арманы!
Таудай биік тұлғаң әлі нар болсын,
Ұлдарыңмен өмір толы сән болсын!
Елің үшін еткен еңбек еленіп,
Әрқашан да АЛЛАМ саған жар болсын!
Бақыт деген осы емей немене,
Құт қонақтап, жайды кеңге кереге.
50 жаспен құттықтасақ біз бүгін,
100 жаста да тілек айтсын шөбере!
Т/б: ағатай — мамасы: Марат – Мақзура.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login