Руы – Қыпшақ, әкеміз Болатбеков Төлежан Мұратбекұлының өмірден қайтқанына 15 жыл толып отыр.
Марқұмның аруағына құран бағыштап, 2017 жылдың тамыз айының 4-і күні Киікті ауылы, «ТОЛҒАНАЙ» тойханасында сағат 12.00-ден бастап ас беріледі.
Туған-туыстарына, құда-жекжаттарға және балаларының жұмыс орындарына хабарлаймыз.
Өзің жайлы айта алмаймыз тауысып,
Ел айтады, жұрт айтады жарысып.
Көпшіліктен алған алғыс, сауабың,
Жатқан шығар, рухыңменен қауышып.
Арнап кеп туған-туыстар келеді де,
Рухыңа бағыштап дұға етеді де.
Торқа боп топырағың, иманды бол,
Жайлы болсын мәңгі жатқан мекенің де.
Жайдары, дархан көңіл мінезімен,
Жаны пәк, қамқор, адал тілегімен.
Жар болды, әке болды мейірімді,
Ақкөңіл, аңқылдаған жүрегімен.
Тәңірім де таңдайды екен тектілерді,
Жаратқан жақсыларды көпсінеді.
Өзіңсіз 15 жыл өтті, жан әкешім,
Туған-туыс, балаларың өксігелі.
Қимаймыз көзіміден жас тамады,
Дұғамыз қабыл болсын бағыштаған.
Бас иеміз бұйрығына жаратқанның,
«Тәуба» дейміз көріп бүгінде таң атқанын.
Құран оқып, аруақтарыңа бағыштаймыз,
Ниеттері қабыл болсын деп, қол жайғанның.
Көнеміз бұл тағдырдың салғанына,
Анамыз аман жүрсін ортамызда.
Жұлдыздай ағып өткен бұл өмірдің,
Бейнеңіз қалды, Әке, санамызда.
Қол жайып «Әумин» — деп бата оқып,
Жүреміз талай барып қабіріңе!
Мейіріммен жымиған күлкіңізді,
Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.
Жатқан жерің, жан әке, жайлы болып,
Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.
Ас берушілер: жұбайы – Бапыт, балалары, немерелері, шөберелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login