Балқашта дойбы ойнынан республикалық турнир өтуде

Балқашта дойбы ойнынан республикалық турнир өтуде. Оған еліміздің түрлі өңірінен 8 команда жиналды. Қостанай, Орал секілді алыс жақтан келгендер де бар. Ал мықтыларды анықтауға 7 күн берілген. Десе де қазірдің өзінде суырылып алға шыққандар бар.
Орал қаласының спортшысы Балауса Жоламанова кезекті жүрісін ойлап отыр. Ол өзінің 15 жасында облыс чемпионы, Қазақстан және екі дүркін Азия чемпионы болып үлгерген. Ал, Балқаштағы республикалық турнирге осымен 4 рет келуі. Әзірге 5 ойын өткізген.

Балауса Жоламанова-Орал қаласының ойыншысы
«Соның екеуін жеңдім. Тек Шымкенттік командадағы Аймахан Болаттан ұтылдым. Қазір ойнап жатқан турнир соңғы турнир».

Ал Балаусаны ұтқан шымкенттік Болат Аймахан басқалардың ойнын бақылауда. 18 жастағы жігіт халықаралық кластағы спорт шебері. Осы жылы Азия чемпионатына барып жеңімпаз атанған.

Болат Аймахан –Шымкент қаласының спортшысы
«Бұл жерде бәрі жақсы ойнағаннан кейін кітап бойынша ойнайды. Басында 5-6 жүріс бәрібір кітаппен ойнайды.  Ойында түрлі түрлі позициялар болады. Дұрыс-дұрыс ойнап жүрсең алдыңғы 3-4 жүрісті болжамдап, есептеуге болады».

Республикалық чемпионатқа 8 команда қатысуда. Әр қайсысы ең мықты ойыншыларды әкелген. Ішіндегі ең жасы 10-да болса, ең қарт қатысушы 75 жаста. Ал, мұндай жарыс Балқашта 6-шы рет өтуде.

Жандос Үсенов-жарыстың бас төрешісі
«7 команданың ішінде алда келе жатқан Орал облысы мен ОҚО. Екі команда бірінші орынға таласуда. Екі команданың құрамында Азия, Әлем чемпиондар бар».

Бұл сайыста Балқаш былтырғы жылы бесінші орынға тұрақтаған болатын. Биыл бір сатыға жоғарылап, 4 орынға көтерілуді көздеп отыр. Ал, жарыс жеңімпаздары мн жүлдегерлері 5 тамызда белгілі болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture