Балқаш тұрғыны Қазақстандағы «100 жаңа есім» тізіміне енуі мүмкін. Ботажан сауықтыру орталығының жетекшісі Людмила Денисованы тұрғындардың бірі осы тізімге ұсынған. Қазір балқаштық жайлы ақпарат 100esim.el.kz. сайтына жарияланыпты. Міне бұл порталда қазақстандықтар осы заманның тұлғаларын ұсынып, таңдауға асталысады. Әзірше Балқаштан тек бір ғана үміткер. Людмила Денисова «Үлкен Жүрек» қоғамдық бірлестінің және мүгедек балаларға арналған «Ботажан» сауықтыру орталығының жетекшісі. Ол басқаратын орталықта әр түрлі кемшіліктермен туылған бүлдіршіндерді сөйлеуге, жүруге, жазуға үйретеді. Қазір 100 жаңа есім тізіміне 600-ге жуық қазақстандықтың кандадатурасы ұсынылған. Бұл тізімді толықтыруға кез-келген тұрғын атсалыса алады. Ол үшін осы заманның тұлғасы болуға лайықты деген азаматтар жайлы ақпаратты 100esim.el.kz сайтына жариялау қажет.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login