Балқашта кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған өгей әке сотталды

Балқашта 16 жасар қызды өгей әкесі 3 жыл бойы зорлап келген. Оның бұл құйтырқы ісі қыз жүкті болғанда ғана анықталған. Бұл туралы nur.kz сайты хабарлап отыр. Оған қатысты сот отырысы Балқашта өтті. Ал оқиға желісі бойынша бәрі 2013 жылы басталыпты. Сол кезде анасының екінші күйеуі бірінші рет бүлдіршінді қорқытып, жыныстық қатынысқа түсуге мәжбүрлейді. Осылайша 13 жасында бір гүлі ашылмаған қызды 3 жыл бойы зорлапты. Ал 2016 жылы жазда жасөспірім жүкті болып қалған. Сол кезде ғана бірдеңеден күдіктенген анасы баласына қатысты бар шындықты біледі. Ер адам сол күні құрықталады. Оған қатысты сот отырысы жабық түрде өтті. Айуандық әрекет жасаған әке судьяның шешімі бойынша 15 жылға сотталды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтейтін болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture