Бүгіннен бастап ескі 1000 теңгеліктер айналымнан алынады

Бүгіннен бастап 2006- шы жылы шыққан 1000 теңгелік айналымнан алынады. Дүкендер мен сауда орындары оларды қабылдаудан бас тартып жатса, таң қалмаңыз. Себебі ескі купюралар 1- наурыздан бастап заңды төлем құралы болып табылмайды. Деседе, жарамсыз ақшаны 2018 жылдың наурыз айына дейін барлық екінші деңгейлі банктерде жаңасына алмастыруға болады. Ал Ұлттық банк филиалдары айналымнан шығып қалған банкноталарды 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін қабылдайды. Айта кетейік, экранда пайда болған бұл естелік 1000 теңгеліктер айналымда қалады. Және заңды төлем құралы болып табылады. Оның бірінде бәйтерек, екіншісінде күлтегін ескерткіші, үшіншісінде қазақ елі монументі бейнеленген. Сауда орындары бұл ақшаларды қабылдаудан бас тартатын болса, онда оларға айыппұл қарастырылған. Оның көлемі 11 мыңнан 113 мыңға дейін.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture