Оқуға дайындық! «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алды. Шара барысында жағдайы жоқ отбасы балалары мектепке керекті құрал жабдықпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Мұндай қайырымды іске қала тұрғындары да атсалыса алады. Қазір қалалық білім бөлімінде шаһар тұрғындарынан көмек қабылдайтын арнайы кабинет ашылды. Өзгеге қол ұшын созам деушілер сонда барып оқуға керекті заттарды өткізе алады. Ресми деректер бойынша Балқашта мыңнан аса жағдайы төмен жанұя бар. Көбісінде бір емес мектеп жасындағы 3-4 бала тәрбиеленуде. Ата-ана оның барлығын бірдей мектепке даярлай алмайтыны сөзсіз. Ал ондай отбасылар қалалық білім бөлімінен көмек ала алады. Ол үшін сонда барып өтініш қылдыруы керек. Өзімен бірге отбасы жағдайы туралы анықтама болуы шарт. Толық ақпаратты 4-62-36, 4-67-55, 4-19-94 нөмірлерінен алуға болады.
Ольга Садвокасова – қалалық білім бөлімінің бас маманы
«Өткен жылмен салыстырғанда биыл көмекке мұқтаж отбасылар саны артып отыр. Біз олардың бәрін керекті жабдықтармен қамтамасыз етуге тырысамыз. Сол себепті, кәсіпкерлерді, банктерді, жеке-меншік ұйымдарды және қала тұрғындарын осы акцияға қатысуға шақырамыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login