Балқашта саяжай өртенді

Өткен демалыста тағы бір өрт оқиғасы болды. Бірінші су колонкасында орналасқан саяжай қызыл жалынға оранды. Сол күні қатты жел тұрып, от жақын маңдағы құрылыс нысандарына тараған. Көрші үй жақтан түнде өрт шыққанын көрген тұрғындар бірден өрт сөндірушілерге хабар беріпті. Куәгерлердің айтуынша, бос тұрған саяжайда алдымен шөп жанған. Одан тараған жалын қоршауға тарап, одан әрі сарайды және өзге де құрылыс нысандарын өртке ораған. Қатты желдің салдарынан көрші саяжайдың қоршауы да зардап шекті. Ал өртті ауыздықтауға 3 сағат жұмсалған. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалынның тұтануына өрт қауіпсіздік ережесінің сақталмауы себеп болған.

Олег Грабовский – ТЖБ «мемлекеттік өртті бақылау» бөлімінің басшысы
«Алдын ала болжам бойынша белгісіз адамдар сол маңға темекі тұқылын не болмаса сөнбеген шырпы тастам кетуі мүмкін. Қазір істің ақ-қарасы анықталуда».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture