Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында зорланған бес жасар қыздың отбасы кішкентай қыздың өміріне немқұрайлы емес деген азаматтардан бірқатар ота жасалуына қаржылай көмек сұрайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қарағанды облысы білім басқармасы жанындағы ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы Әлия Садырбаеваның мәлімдеуінше, ұзақ мерзімді ем алуға қаражат керектігі жайлы ата-аналар жеке кездесу барысында айтқан.
«Мен қыздың анасымен кездестім. Кішкентай қызға бірнеше операция жасалған, алда әлі жасалады. Оның жағдайы қазір орта дәрежелі ауыр. Ата-аналары «Халық банкінен» шот ашып, кішкентай қыздың өміріне немқұрайлы қарамайтын азаматтардан қаржылай көмек сұрайды», — деді Әлия Садырбаева.
«Халық банкі» АҚ шотының реквизиттері: 4402576504538054
ЖСН 770321350163
Қазіргі уақытта жәбір көрген қыз бала Қарағанды облыстық балалар ауруханасында. Оған осы уақытқа дейін бірнеше ота жасалған. Баламен психологтар жұмыс жасауда.
Еске сала кетейік, 23 шілде күні Сәтпаев полиция бөлімшесіне 5 жасар қыз жоғалды деген арыз келіп түседі. Кейін анықталғандай, қыз бала бейтаныс ер адамның пәтерінен табылады. 50 жастағы еркек баланы алдап үйіне кіргізіп, жаман пиғылын іске асырған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login