Балқаштық тұрғынның үйіндегі термометр 52 градусқа дейін көтерілді. Ол бұл сәтті видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялаған.
Ал, метерологтардың айтуынша, мұндай жағдайға құрылғының тура күннің көзінде тұруы себеп болған. Ал, негізінде қазір ауа температурасы +36 градус. Бұл осы жаздың ең ыстық күні. Былтыр ең жоғарғы температура 35 градусқа дейін жеткен. Ал, соңғы үш жылдағы ең рекордттық көрсеткіш 2015 жылдың шілде айында тіркеліпті. Ол кезде сынап бағанасы 39 градусқа дейін көтерілген екен.
Зинагүл Қонтабаева – «Балқаш» ауа райын болжау станциясының жетекшісі
«Сынап бағанасы 25 шілде күні 31,2 градус болса, 26 шілдеде 35.9 градусқа дейін көтерілді. Бұл осы жаздың ең жоғарғы температурасы».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login