Қарпық келіні, адал жар, аяулы ана, асыл әже руы Төлеңгіт – Қонай, (Найман – Садыр) Сейсембаева Қаншайым Жанатбекқызының бақилық болғанына 1 жыл толады.
Жылдық асы 29 шілде күні сағат 12.00-ден бастап МЕШІТТІҢ КІШІ залында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, сыныптастарына, бірге істеген еңбек ұжымына, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Өсірдің, еркелеттің, тұлымдадың,
Анашым, ұмытпаймыз мұның бәрін.
Дұғаларын бағыштайды өзіңе жан ана,
Сағынышпен еске алып құлындарың!
Бұл жалған ағып тұрған сынап екен,
Тұс-тұсың анталаған сынақ екен.
Мың жылда аман-есен тұрған шөлмек,
Әп-сәтте күні туса сынады екен.
Асыл ана, жеткізіп жетелеген,
Жалғанда саған адам жетер ме екен?
Біз үшін сен бір асыл, сен бір кенсің,
Батаңмен бар әулетің өсіп-өнсін!
Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,
Бақи бол, имандының бірі сенсің!
Анажан өзіңді сағынамыз,
Тағдырдың салғанына бағынамыз.
«Айналайын, құлыным!» — деп қарсы алатын,
Сіздей жанды қайдан біз таба аламыз.
1 жыл бопты-ау сен кеткелі өмірден,
Тірі кезің еш кетпейді-ау көңілден.
Әлі күнге кездесер деп елеңдеп,
Сағынумен мына өмірден жеңілем.
Иманыңыз мәңгілікке жолдас болсын,
Аруағыңыз ұрпағыңды қолдап жүрсін.
Түскен кезде қайғы-мұң басымызға,
Ағайын, көрші, құда-жекжат болды қасымызда.
«Рахмет!» -дей келіп, шақырамыз,
Анамызға арнап жайған асымызға.
Құда – құдағидан еске алу:
Құдағи, жалған өмір өтіп жатыр,
Зымырап уақытта кетіп жатыр.
Өзгеріс жоқ бұл Фәнидің желісінде,
Жыл болды – деген хабар жетіп жатыр.
Әр жерден туған — туыс келеді ғой,
Жаратқанға бас иіп сенеді ғой.
Құран оқып, қол жайып, тілек тілеп
Шын жүректен батасын береді ғой.
Ұрпақтарың артыңда сенің қалды,
Шындыққа айналдырып ойда барды.
Болсаң да жоқ, өзіңді еске аламыз,
Ұрпақтарыңды көріп қуанымыз.
Тіршілікте істеген сенің жақсылығың
Шығып жатыр алдарынан дей аламыз.
Міне, осындай, мен өмірді көріп тұрмын,
Болашағына ұрпақтарыңның сеніп тұрмын.
Жақсылығын О дүниенің берегөр деп
Сұрау үшін, асыңа жылдық келіп тұрмын.
Бектұрсын – Бақыт.
Ас берушілер: жолдасы – Тлеукен, балалары:Жанар, Бауыржан – Шынар, Алтынбек – Динара, немерелері: Мадина, Нұрдаулет – Анар, Ануар, Төреәлі, шөбересі – Әдия.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login