Жылдық ас Нысанбеков Рахат Нұрланұлы

Руы – Байтемір, Дәуітпай, Нысанбеков Рахат Нұрланұлының өмірден қайтқанына 1 жыл толады.

Марқұмның аруағына құран бағыштап 29 шілде күні «СОЗВЕЗДИЕ» дәмханасында сағат 11.00-ден бастап жылдық ас беріледі. Туған-туысқандарға, құда-жекжаттарға, жұмыс орнына, жолдастарына хабарлаймыз.

Ауыр-ау адам қазасы,

Жазылмас оның жарасы.

Тағдырға қарсы тұрарлық,

Адамның бар ма шарасы?

 

Жанарға жас келеді сағынғанда,

Амал қанша тірлікте қоймады Алла.

Рухың ұшып кетсе де алыс жаққа,

Бейнең мәңгі қалады жадымызда!

 

Өмір деген өте шығар сағымдай,

Қайтып келмес қысқа қамшы сабындай.

Дүниеге келмек бар да кетпек бар,

Қайтеміз енді, бұл заңына бағынбай.

 

Ардақты едің, салмақты едің, нар едің,

Ашық едің, аңқылдаған, бар едің.

Жүрген жерің ойын-күлкі, сал едің,

Әке едің, аялаған жар едің.

 

Балалар бар артыңда, алдың жарық,

Дүбірлеп ең тұлпардай, ізің қалып.

Аллаға да жақсылар керек шығар,

Тәңірім де таңдайды екен тектілерді.

 

Топырағың торқалы,

Қабірің болсын шуақты.

Жасамаған жасыңды,

Құлындарың жасасын.

Пейіштің төрі өзіңе,

Лайық болсын әрдайым!

 

Жылай-жылай көзде жас та қалмады,

Топырағың торқа болсын, құлыным.

Нұрландырып Аллаһ шашсын жылуын,

Пайғамбардың астында бол туының.

Шапағатты қылсын сені бір Алла!

Еске алып, ас берушілер: анасы – Жақсыгүл, жұбайы – Гүлзат, бауырлары, балалары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture