Қырық күндік ас Молдабекқызы Дәнен

Шабанбай би ауылының тумасы, Руы-Тобықты — Жуантаяқ, Мұрас келіні, Кәкімнің жұбайы, Руы – Құлық-Таңат, Молдабекқызы Дәненің бұл өмірден бақиға өткеніне шілде айының 28-і күні 40 күн болады.

Анамыздың 40 күндік асы Шабанбай би ауылы «ДАСТАН» дәмханасында 28.07.2017ж. сағат 13.00-ден бастап беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаңға, еңбек ұжымдарына, анамызды танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Артығы едің ішінде даналардың,

Бәрі осындай болса ғой аналардың.

Ұрпағы үшін өткізген әр сағатын,

Жұмақтан орын алсын ғазиз жаның.

 

Асыл ана, сағындық нұр жүзіңді,

Көзімізден Сізді ойлап жас үзілді.

Немерелер әжелеп армандауда,

Олар да таппай қалды сіздің ізді.

 

Өмір осы білмес әркез аяуды,

Көңіл осы көтеретін қаяуды.

Орның сенің бөлек еді біздерге,

Ардақты Ана, асыл Әже, аяулы.

 

Жарық дүние жарқ еткен бір жаңғырық,

Өмір осы өте шығар таң қылып.

Орның сенің ойсырап тұр толмайды,

Амалым не, қош бол, Ана,мәңгілік!

 

Бөліп жармай өсірдіңіз бәрін бірге,

Ел ішінде сыйлы едіңіз, қадірлі де.

Арадан тағдыр алып кеткенімен,

Мәңгілік сіз қаласыз есімізде.

 

Қош бол, Ана, иман болсын жолдасың,

О дүниеде Жаратқан Ием қолдасын!

Ізгілікпен жүріп өткен жолыңды,

Келешекте ұрпақтарың жалғасын!

Еске алып, ас берушілер: Мұрасовтар әулеті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture