Жылдық ас Блалова Ардақ Мәниқызы

Руы Қырғыз, ардақты ана, аяулы қыз, қимас бауырымыз Блалова Ардақ Мәниқызының өмірден өткеніне 1 жыл.

Жылдық асы 29 шілде сағат 13.00-ден бастап Қызыларай ауылы «АҚЖОЛ» дәмханасында беріледі. Ағайын — туыс, құда – жекжат, көршілерге, бірге істеген еңбек ұжымына, сыныптастарына хабарлаймыз.

Ардағым – ау, жыл бопты-ау сен кеткелі өмірден,

Тірі кезің еш кетпейді-ау көңілден.

Әлі күнге кездесер деп елеңдеп,

Сағынумен мына өмірден жеңілем.

 

Бұл фәнимен қоштастың-ау ертерек,

Жанымызда жоқсың енді не керек.

Төңірегіңді бауырларың қаумалап,

Жүруші едің алаңсыз тек еркелеп.

 

 

Ардағым, сағындық нұрлы бейнеңді,

Сені ойласақ сағыныш оты кернейді.

Сол сағыныш бар жанымызды күйдіріп,

Жоқтығыңа әлі сенгіміз келмейді.

 

Ақкөңіл-ең, әр кезде жарқылдаған,

Туысқа да, досқа да аңқылдаған.

Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,

Жылап қалды ағайын, артыңда анаң.

 

Жыл толды кеткелі арамыздан,

Қанат қақпай құладың қара құздан.

Сағынышпен сан жылдар өтсін мейлі,

Нұрлы бейнең өшпейді санамыздан.

 

Торқа болсын жамылған топырағың,

Тыныш ұйықта жер бесікте  дамылда.

Бір Алладан дұға оқып тілейміз,

Жай тапсын жаның жұмақтың жәннат-бағында.

 

Ас берушілер: анасы – Мәнеш, қызы – Анида, бауырлары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture