Құттықтау Байгулина Алма Мұратқызы, Жақсылық Еркебұлан Олжасұлы

Аяулы анамыз Байгулина Алма Мұратқызын 60 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге ұзақ өмір, мол бақыт, зор денсаулық тілей отырып, балаларыңыздың, немерелеріңіздің қызығына тоймай, ортамызда ақылшы болып жүре беруіңізге тілектеспіз! Төмендегі өлең жолдарын өзіңізге арнаймыз:

Өмірге әкеліп өсірдің,
Жақсы істі басыма көшірдің.
Қарызбын өзіңе мәңгілік,
Мейрамда ағымнан көсілдім.

Деніңізге саулық берсін Жаратқан,
Сен сәулесің жерге нұрын таратқан.
Немере мен шөберені көп көріп,
Дана қарт бол елді аузыңа қаратқан.

Құтты болсын бүгінгі мейрамыңыз,
Әр күнде тек шаттыққа жиналыңыз.
Балалардың бақытына қуанумен,
Тағдырдан денсаулықты сыйға алыңыз!

Аяулы немереміз, ұлымыз Жақсылық Еркебұлан Олжасұлын 14 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз. Дені сау болып, қатарластарының алды, оқуда озат, көрікті ұл болып өссін!

Қылығымен күлдіретін апасын,

Туған күнің  құтты болсын, балашым.

Елің сыйлар азамат  боп келешекте,

Қуантарлық мамасы мен папасын.

 

Туған күнің құтты болсын боташым,

Сен күнімсің баға жетпес асылым.

Сенен үлкен үміт күтем білерсің,

Әр сөзімді сен санаңа ілерсің.

 

Халқыңның қалаулы ұлы бол,

Алланың сүйген құлы бол.

Өмірден таршылық көрме,

Талабың асып, биікке өрле.

Т/б: балалары, немерелері, жиендері.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture