Ветеринарлар жыл басынан бері ереже бұзған 3 жануар иесіне айыппұл салған. Қорадағы малын сойып оны өткізбек болған саудагерлер етке сараптама жасатпаған. Сол үшін де мемлекеттің бюджетке 130 мың теңге төлеуге мәжбүр болды. Ал, ветеринар дәрігерлер болса төрт-түлікке екпе салу жұмыстарын жалғастыруда. Көктемнен бастап осы уақытқа дейін 3 мың бас ірі-қараға, бес мыңға жуық ұсақ малға сібір жарасы және құтырмаға қарсы вакцина егілген. Бұл тізімде 200 жылқы, 450 шошқа мен 70 түйе және 450 ит бар. Сонымен бірге, 8 мың жануар бруцеллез ауруына тексерілген. Оның нәтижесі бойынша ешқандай инфекциялық дерт анықталмаған. Мұндай тексерістер күз айының ортасына дейін жалғасады. Ол үшін бюджеттен 8 млн теңге бөлініпті.
Самат Молдаханов – ветеринария бөлімінің жетекшісі
«Күнделікті бақылау жүргізілуде. Орталық базарда, мал соятын базарда күнделікті жүрігіземіз. Мал өнімдерін сататын дүкен, кафе, ресторандарды тексеру жоспары барлығы жасалған. Уақытылы барлық тексерістер жүргізілуде».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login