Балқашта күз келмей жатып ағаштар жапырағынан айырылуда. Мұндай іш ашырлық жағдайды қаланың бірнеше ауданынан көруге болады. Талдардың мерзімінен ерте қурауына не себеп болды. Алайда, оларды құтқару үшін қандай шаралар жүргізілуде? Бүгін біздің тілшілер бұл сұраққа жауап іздеп қайтты.
Хоружая көшесіндегі қарағаштар сарғайып, жаз ортасында қурай бастаған. Мұны көрген тұрғындар әкімдікке хабарласып, дабыл қағыпты. Бүгін міне мұнда Зеленстрой мекемесінің мамандары келді. Айтуларынша талдарға жапырақ жегіштер шабуыл жасауда. Егер олардың көзін жоймаса, онда жәндіктер басқа аймақтың талдарын зақымдауы мүмкін.
Талдарды химиялық жолмен өңдеу биыл осымен екінші рет жүргізіліп отыр. Алайда, «Зеленстрой» мекемесі тек орталық көшелерді ғана залалсыздандырады. Аулалардағы жапырақ жегішертің көзін құрту үшін тұрғындардан өтініш келіп түсу керек.
Сағындыков Ағыбай –« Зеленстрой» ЖШС бригадирі
«Жұмыс орнының телефоны 4-16-43. Сол жерге телефон арқылы хабарласып, немесе барып адресін айтып кетсе, біз келеміз, жасаймыз».
Өсімдік қорғаушылар талдардың мерзімінен бұрын сарғаюына тек жәндіктер емес сондай-ақ суару жүйесінің жоқтығы себеп, деп отыр.
Азат Ахмолдаев – өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы
«Қазірдің өзінде 70 га аумаққа жасыл-желекке химиялық өңдеу шараларын жүргізді. Биыл мұны жүргізіп, профилактикалық шара атқармасақ, келесі жылы ауа-райының қолайлы жағдайы туған кезде бұлар зиян тигізудің экономикалық жағдайдың аса көбеюіне әкеп соқтыруы мүмкін».
Қаладағы жасыл-желектің суарылмайтыны баршаға аян. ТКШ бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, бұл мәселені шешу үшін ескі құбырларды толықтай ауыстыру қажет. Алайда, оған жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмаған.
Әнуар Самиев –ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Қазір қала бойынша жасыл-желектің тек 30 пайызы ғана суарылады. Қалғанын қамту үшін біз қосымша құбарлар тартуымыз керек. Аулаларды қамту қажет. Бірақ, қазір қаржы жағынан тапшылық көріп отырмыз».
Қазір ТКШ бөлімі суару мәселесін шешуде үздік жоба ұсынатын мердігерлерді іздестіруде. Содан кейін барып бюджеттен қаржы сұрастырмақ. Ал, бұл сұрақтың қашан шешілетіні әлі белгісіз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login