Балқашта 30 жастағы әйелді зорлаған екі ер адамға қатысты сот отырысы басталды. Процесс жабық түрде өтуде. Ал, сотталушыларға адамды ұрлау, зорлық әрекеттерін жасау және зорлау сынды 3 бап бойынша айып тағылуда. Айта кетейік, жәбірленуші Нұргүл Құсылбекованы 2016 жылдың тамыз айында бұрынғы жігіті мен оның досы Шашубай кентіне барар жолдағы зират маңына апарып ойларына келгенін істеген. Күрекпен ұрғылап, тіпті зорлауға дейін барған. Қорлық көрген әйел ертеңгісінде ауруханаға түсіп, сонда полицияға арыз жазады. Алайда, жергілікті тәртіп сақшылары бұл іспен айналыспақ түгілі, ешқандай сараптама да тағайындамаған. Ал, әділеттікке қол жеткізгісі келген әйел 2017 жылдың ақпан айында Алматы қаласына барып, әйелдердің құқығын қорғайтын қор арқылы, түгел елге оқиғаны жайып салады. Осыдан кейін бұл іске облыстық ІІД қызметкерлері араласып, қайта тергеледі. Нәтижесінде екі күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді олар істеген қылмыстары дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Нұргүл Берлікешова- Балқаш қалалық соттың баспасөз қызметінің үйлестірушісі
«Балқаш қалалық сотында екі ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Олар адамды ұрлау, зорлық әрекеттерін жасау және зорлау сынды 3 бап бойынша айып тағылған».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login