Балқашта осы аптада 60 отбасы баспаналы болады. 10-шы мөлтек ауданында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Енді ондағы су жаңа пәтерлердің кілті 27 шілде күні үй кезегінде тұрған балқаштықтарға табысталады. Қазір үй алаңын тазалау секілді соңғы жұмыстар жүргізілуде. Естеріңізде болса 5 қабатты баспананың құрылысы 2014 жылы басталған еді. Алайда, қаржының кезең-кезеңімен бөлінуіне байланысты оның құрылысы 3 жылға созылды. Енді қала басшылары бұл аймаққа 45 пәтерлі тағы 4 үй салуды көздеп отыр. Оның екеуінің құрылысы биыл қыркүйекте басталмақ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несиеге берілетін болады. Ал, 2018-2019 жылдары салынатын қалған 2 үй жалға беріледі.
Саятбек Мусин-қалалық құрылыс бөлімінің басшысы
«Республикалық бюджеттен 200млн теңге бөлінейін деп отыр. Біз қазіргі кезде сатып алу конкурсын жарияладық. Қыркүйек айында құрылысын бастаймыз».
Сонымен қатар келесі жылдан бастап баспана салу үшін жер кезегінде тұрған адамдарға Самал ықшам ауданынан жер телімдері бөліне бастайды. Ал, жаңадан тұрғызылатын жеке меншік үйлерге канализация, су, жылу, электр энергиясын тарту үшін қазір арнайы жоба дайындалуда. Оны жүзеге асыру 3 жылға жоспарланған. Жалпы құны 12 млрд теңге. Бұл сома кезең-кезеңімен бөлінетін болады.
Саятбек Мусин-қалалық құрылыс бөлімінің басшысы
«Электр қуаты, қанша су қажет соның бәрі есептелінеді. 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша келесі жылдан бастап сметалық құжаты дайындалады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login