Балқаштық тұрғын Қызыларай ауылының 90 жылдығына орай өткен аламан бәйгеде «Lada Granta» автокөлігін мініп қайтты.
Балқаштық Ердос Науанов жарысқа таза қанды ағылшын атын қосқан. Ол сәйгүлігін Балқаш маңындағы «Науан» шаруа қожалығында 1,5 жыл бойы баптаған. Ағылшын тұқымдас тұлпар 35 шақырым қашықтықты бағындырды. Ал, шабандоз — 12 жастағы Оңғар Абекенов есімді Жарық станциясының тұрғыны. Балқашқа жақын ауылдардың бірде-бірінен шабандоз таппадық дейді, — ат иесі.

Бұл Ердостың алғашқы жеңісі емес, таяуда ғана Шет ауданы, Көктенкөл ауылында өткен бәйгеде де бас жүлдені қанжығалап қайтқан. Қазір ол атын Қарқаралы ауданында болатын бәйгеге баптау үстінде.

БәйгегеҚазақстанның түкпір-түкпірінен 40 сәйгүлік қатысты. Бас жүлдені балқаштықтар алса, ІІ орынды Астана иеленді. ІІІ орын Алматылықтарға бұйырды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login