Балқашта алимент орталығы ашылды. Онда сот шешімі шықса да, балаларының әкесінен берешегін ала алмай жүргендер жүгіне алады. Ал, әр сәрсенбі сайын алимент орталығына келушілерді прокурорлар мен сот орындаушылар және жұмыспен қамту орталығының мамандары қабылдайды. Олар борышкер әкелердің не себепті қарызын өтемей жүргенін анықтап, оны өндіру үшін шаралар қолданбақ. Тіпті жазалауға дейін барады. Балқашта жыл басынан бері алиментін төлемей жүрген азаматтардың үстінен 30 әкімшілік іс қозғалған. Ол бойынша 12 адамға айыппұл салынып, 3 тәулікке дейін қамауға алыныпты. 4 тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Соттың шешімі бойынша бірінің бас бостандығына 1 жылға дейін шектеу қойылған. Айта кетейік, алимент орталығы сағат 3-тен бастап 5-ке дейін жұмыс істейді. Анықтама телефоны 49566.
Мәди Әбішев-қалалық прокуратураның прокуроры
«Бүгінгі таңда қала бойынша борышкерлердің саны азаймай отыр. Сол себепті мемлекеттік сот орындаушылар жеке меншік сот орындаушылармен бірге прокуратура органдырмен алимент орталығын ашты. Бұл орталықтың мақсаты алимент бойынша маңызды сұрақтарды шешу. Төленбей жүрген қарыздарды өндіріп беру».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login