Балқаштық ұшқыштар мен «Әскер» патриоттық клубының тәлімгерлері парашютпен секірді. Спортшылар мен ел қорғанында жүрген азаматтар бұл шараны Елбасының рухани жаңғыру мақаласына, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне және Балқаш қаласының 80 жылдығына арнады.
Парашют спорты бұл өте қауіпті іс. Сондықтанда қауіпсіздік үшін биіктіктен секірушіге бір емес екі парашют беріледі. Арқаға тағылған бірішісі секірген бетте автоматты түрде ашылады. Ал, адамның кеуде тұсына ілінген екіншісі алғашқысы істен шыққан жағдайда қолданылады.
Андрей Редин-Іздестіру-құтқару және парашюттік десант қызметінің басшысы
«Кейде парашют ашылмай қалатын кездер болады. Бірақ, ондай жағдайлар өте сирек кездеседі. Себебі бұл оқу жаттығуға арналған парашют. Ол секірген бетте жайылады. Бірақ, соған қарамастан адамды қосалқы парашют болуы керек».
Бұл спорт түрінде бәрі де ауа-райына байланысты. Биіктіктен секіру қауіпсіз өту үшін күн тынық болуы тиіс. Жел болатын болса, онда оның жылдамдығы аса маңызды. Егер тым қатты соқса, онда әуеге көтерілу кейінге қалдырылады.
Заманбек Төлеген-парашют десанттық мүлік қоймасының басшысы
«Оқу жаттығу орындайтын дөңгелек бар парашюттерге жел 6 метрдан аспауы керек. Ал, спорттық паршюттерден секіретін спортшыларға 12 метрден аспауы керек. Қазір ауа-райы спортышларға қойлайлы. Оқу-жаттығудан секірушілерге қолайлы емес. Себебі қонатын орыннан басқа жаққа алып кету қаупі бар».
Таңғы 7- ге жосарланған секіріс ауа-райына байланысты 3 сағатқа кеш басталды. Әскер патриоттық клубынан келген 14 спортшының 3 ғана бүгін алғаш секіргелі отыр. Олардың арасында осындай батыл қадам арқылы мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға бел буған ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Еркен Беркенов те бар.
Еркен Беркенов-Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі
« Жалпы өзім 2 апта уақыт дайындалдық. 2-3 сағат күніне. Бірінші рет секірудемін. Өз-өзіммен күресіп, өзімнің комфорттық зонамды кеңейтуге шешім қабылдадым».
Әскери қызметкерлер мен спортшылар тікұшақпен әуеге көтеріліп, 800 метр биіктіктен секірді. Мұндай жаттығуларды ұшқыштар жылына кем дегенде 2 рет өткізулері тиіс. Бүгін жерге аман-есен қонған олар, ертең суға парашютпен секіреді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login