Белгісіз біреулер зират қоршауын ұрлап кетті. Шығын көлемі 330 мың теңге. Қазір бұл іспен полиция шұғылданып жатыр.
Балқаш тұрғыны Отерцолт Мустапаев қылмыстың орнын көрсетуде. Айтуынша, өткен жылы өз қолымен осында қоршау тұрғызған. Ол кезде қаржы ТКШ бөлімінен бөлініпті. Ал, қалған жұмысты еріктілер өздері тындырған. Алайда, жақында зираттарды жан-жануарлардан қорғауға арналған қоршаудың жартысы жоғалып кеткен. Бұған шамданған зейнеткер полицияға шағымданады. Алайда, ол жерде ешкім арызын қабылдамаған. Содан қарт ТКШ бөліміне барып көмек сұрайды. Тек содан кейін ғана бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Отерцолт Мустапаев – қала тұрғыны
«Алты метрлік қаңылтырдан жасалған қоршауды тек көлікпен келіп қана алып кетуге болады. яғни түнде келіп ұрлап кеткен Қарасам ішім ашиды».
Қарт қылмыскерлердің табылатынына күмәнмен қарайды. Сондықтанда оларды қоршауды өз күштерімен қайта тұрғызбақ. Қазір шешен диаспорасы бірігіп қаржы жинауда.
Отерцолт Мустапаев –қала тұрғыны
«Осы демалыс күні жиналып, қоршауды тұрғызуға келеміз. Марқұмдардың тынышын алып, оларға арналған затты ұрлау дегеніміз масқара ғой. Мұндай жағдай қайталаньас үшін олармен күресу қажет».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login