Жылдық ас Баршагүл Тұрғанқызы

Руы – Ақтеке, аяулы жар, асыл ана Баршагүл Тұрғанқызының өмірден өткеніне 1 жыл болды.

Марқұмның аруағына құран бағыштап 21 шілде күні «АТТИЛА» дәмханасында сағат 12.00-ден бастап жылдық ас беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, Айыртас ауылына және жора-жолдастарына хабарлаймыз.

1 жыл бопты-ау сен кеткелі өмірден,

Тірі кезің еш кетпейді-ау көңілден.

Әлі күнге кездесер деп елеңдеп,

Сағынумен мына өмірден жеңілем.

 

Қимаймыз еске аламыз, ұмытпаймыз,

Бақи бол, имандының бірі сенсің.

Мәңгі ұйқыға жұмып көзіңді,

Сағынамыз еске аламыз өзіңді.

 

Сағынумен 1 жыл болды өткелі,

Жан анашым есімнен еш кетпеді.

Өзегімді өртейді бір өкініш,

Жан анамның аз-ақ ғұмыр кешкені.

 

Ағайын мен туысты ешқашан бөлмеуші едің,

Ауыр сөзді ешкімге, зілденіп айтпаушы едің.

Қысқа болып ғұмырың жалған мынау дүниеде,

Арманда кеттің көре алмай бала-шаға қызығын.

 

Тіршілікте қадірлеп, үлгергендей кімді-кім?

Тосын келген қатердің түре алмадым түндігін.

Жоқтығыңа сене алмай, шарасыз боп жүргенде,

Әне-міне дегенше, келіп қапты жылдығың.

 

Осы емес пе пенденің өлмегені?

Көнеміз бір Алланың салғанына,

Құран оқып ана аруағына,

Тілейміз ғұмыр берсін ұрпағыңа.

 

Анашым, сені сағынамыз, аңсаймыз,

Өзіңді іздеп, келер деп алаңдаймыз.

Алланың жазғанына шара бар ма?

Қол жайып, рухыңа дұға арнаймыз.

 

Жатқан жерің жәннаттың төрі болып,

Жан Ана топырағың торқа болсын!

Иманың мәңгілікке жолдас болып,

Аруағың ұрпағыңды қолдай жүрсін!

 

Ас берушілер: жолдасы – Тәңірберген, балалары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture