Жылдық ас Жүнісов Қанат Ділдашұлы

Руы – Тобықты-Құттыбай, Атаңбаласы Жүнісов Қанат Ділдашұлының өмірден қайтқанына 1 жыл.

Жылдық асы 21 шілде күні сағат 11.00-ден бастап МЕШІТТІҢ ҮЛКЕН  ДӘМХАНАСЫНДА беріледі. Асқа ағайын-туысты, дос-жаранды, ауылдастарды, көршілерді, еңбек ұжымдарын шақырамыз.

Жыл болды күтіп жүрміз келмейсіз,
Сізді күнде кеп қалар деп іздейміз.
Сіз мәңгіге кетіпсіз ғой өмірден,
Сонда да біз бұл шындыққа сенбейміз.

 

Мұңсыз едік өзің барда, әкешім,

Еш алаңсыз, бала қиял күй кештік.

Орның толмас енді бізге ешқашан,

Сендей бізді еркелетер енді кім?

 

Мәңгілікке мекенің боп құла түз,

Бір көруге зар болдық-ау енді  біз.

Топырағың торқа болсын, қайтейік,

Қол жаямыз, қабыл болсын дұғамыз!

 

Жыл болды  ауыл жақтан жел еспеді,

Жатырсың «төмпешік» боп белестегі.

«Ботақандар келді ғой», — деген сөзің,

Немере-шөбереңе елес болды.

 

Арманың көп еді ғой, өмірде мол,

Араша түсе алмадық өлімге ол.

Пейіште нұрың шалқып бізді жебеп,

Жәннаттың әрқашанда төрінде бол!

 

Топырағың торқа болсын, жайсаңым!

Биік еді-ау, үлкен еді-ау байсалың.

Аруағыңнан айналайын, жан әкем,

Көз алдымда жарқын сенің жас шағың!

 

Жарық дүние жарқ еткен бір жаңғырық,

Өмір осы өте шығар таң қылып.

Орның сенің ойсырап тұр толмайды,

Амалым не, қош бол, әке, мәңгілік!

Еске алушылар: жұбайы: Қорлан, бауырлары, балалары, немерелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture