Балқашта саудагерлер азық-түлік құнын өсіріп сатқан. Мұндай жағдайды бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған штаб мүшелері анықтады. Күн сайын әлеуметтік маңызы бар тағамдар сататын дүкендерге мониторнг жүргізетін мамандар кәсіпкерлерге ескерту жасаған. Жалпы қалалық әкімдік 424 сауда нүктесімен меморондумға отырған. Ол бойынша саудагерлер көтерме бағаға бар болғаны 10-15 пайыз қосып сатулары тиіс. Мысалы қанттың алғашқы құны 270 болса, оның дүкендегі бағасы 300-ден аспауы керек. Сондай-ақ қала бойынша бағаны тұрақтандыру үшін апта сайын ауыл-шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Осы күнге дейін онда 188 млн теңгенің өнімі сатылған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login