Балқашта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ашылады

Балқашта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат пайда болады. Жаңа оқу жылынан бастап қалалық гимназия өз атауын өзгертіп, мамандандырылған мектеп-лицейге айналады. Онда метаметика, физика, химия сынды пәндер тереңдетіліп оқытылады. Осыған орай оқу ордасында біраз өзгеріс болады.

Жақында дарынды балаларға арналған мектепке айналатын білім ордасында қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылысшылар мұндағы жылыту, канализация және желдету жүйелерін ауыстырып жатыр. Ескіні жаңалау маусым айында басталған. Жоспар бойынша тамыз айының 10-на дейін аяқталуы тиіс.

Қайрат Сағамбеков-прораб
«Жылу жүйесін жасап  бітіріп қалдық. Сантехника да аз қалды. Енді ауа баптағыш пен өрт қауіпсіздік тетіктерін орнату қалды».

Дарынды балаларға арналған мектепте 5-11 сынып оқушылары оқиды. Сол себепті, бұған дейін гимназияда білім алған 1-2 сынып оқушылары басқа оқу орындарына ауыстырылады. Қазақ тілінде білім алған балалар №15, 2 лицейге және 7 гимназияға, ал орысша оқығандар №17 мектепке жіберіледі. Тек 3-4 сынып ешқайда кетпейді. Олар уақытша бұрынғы орындарында қалады.

Гүлмира Ағдарбекова-қалалық білім бөлімінің жетекшісі
«3-4 сынып оқушылары өз орындарында қалғанымен олар басқа иновациялық мектептерге қарайтын болады. Мысалы, 3б мен 4 б №17 мектептің оқушылары болып саналады».

Жаңа оқу жылы басталысымен лицей-интернат физика, химия, геогрфия, биология сынды пәндерді тереңдетілген түрде оқыта бастайды. Ал, оқушылар мен оқытушыларды іріктеу биыл емес, келесі жылы жүргізіледі.

Гүлмира Ағдарбекова-қалалық білім бөлімінің жетекшісі
«2018-2019 шы жылғы оқу жылында мектеп-интернатта қалатын дарында балаларды іріктеу үшін тест өткіземіз. Ал, мұғалімдерге байқау жариялаймыз. Бұл мектеп-лицейге тек ең үздік оқытушылар жиналатын болады».

Бір айта кетерлігі, дарындыларға арналған мекстепте тек балқаштықтар ғана емес жақын маңдағы Ақтоғай, Приозреск, Шашубай кентінің балалары білім алады. Олар жатып оқу үшін мектептің үшінші қабатын жатаханаға айналдыру жоспарланған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture