1200-1500 градус ыстықта жүреміз: аға балқытушы

21 шілде күні Балқаш қаласы мысшылар күнін тойлайды. Соған орай Өркен—media тілшілері қаламыздың ең ыстық нүктесінде болып қайтты. Онда үздіксіз және үзіліссіз 80 жылдан астам уақыт мыс балқытылып келеді. Қазір қаланың басты байлығы алынатын жерде екі жүзден астам адам еңбек етеді. Олар мың градус ыстықта бір емес ондаған жылдар бойы жұмыс істеп, қаланың ғана емес республика экономикасының дамуына атсалысып жүр.

Бүркіт Ақанов бұл цехқа 22 жасында келіпті. 25 жыл ішінде қарапайым жұмыскерден бастап аға балқытушыға дейін өскен. Мұндағы жұмыс процесін бастан аяқ біледі. Күндіз түні 1300 градус ыстық ұрып тұратын пештен штейн ағызу ол үшін түкте емес.

Бүркіт Ақанов-аға балқытушы
« Әрине мынандай ауыр цехта жұмыс істеген қиын. Шаң, топырақ. Ыстығы да бар. Қаланың 40 градус ыстығында осындай 1200-1500 градустың жанында жүреміз».

Сұйық штейннің құрамында мыс пен темір болады. Ал, оларды бөліп алу үшін қысым арқылы тығыздалған ауа жіберіледі. Тазартылмаған мыс анодтты цехта тазартылып, таза өнімге айналады.

Мыс балқыту цехында 1 тәулікте 650 тонна мыс алынады. Осынша мөлшерде металл алу үшін күндіз түні ауысым бойынша 200-ден аса адам жұмыс істейді. Мұның барлығы газ бен шаң араласқан, ыстық температурада жүзеге асады. Сондықтан да, бұл мамандық иелері ең төзімді еңбек адамдары болып саналады.

Қожан Мұратбеков – балқыту участкесінің басшысы
«Пештен штейн шығырамыз. Штейнді конверттеуге жібереміз. Ол жақта тазартылмаған мысты аламыз. Оны анодный пеште рафинирование жасаймыз. Сосын осы балқыту цехында анодный мыс шығарамыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture