Қаланың 80 жылдық мерейтойында 8 киіз үй орнатылады. Онда қаланың тарихынан сыр шертетін көрмелер ұйымдастырылады. Алғашқы ақшаңқай үй Балқаш өңірінің ұлы тұлғалары жайында сыр шертсе, екіншісінде мысты шаһардың өткені, бүгінгі күні суреттеледі.Қалғандары әр түрлі саладағы жетістіктерді елге таныстырады. Сондай-ақ қала күнінде түрлі мәдени шаралар өтеді. Балқаштықтар мен шаһар қонақтары кемелер мен көліктер шеруінің куәсі болады. Балаларға арналып фестивальдар мен байқаулар өтеді. Ал, мерекелік концертке эстрада жұлдыздары шақырылмақ. Айта кетейік, қаланың 80 жылдығын атап өту 9 қыркүйекке бекітілген. Алайда бұл күн ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жабылу салтанатына тұспа-тұс келгендіктен, мерейтойды тойлау басқа күнге шегерілуі мүмкін.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login