Полицейлер енді хаттаманы жазбаша емес планшет арқылы онлайн түрде толтырады. Астанадағы тәртіп сақшылары айыппұлды электронды түрде рәсімдеуді бастады. Пилоттық жоба жыл аяғына дейін еліміздің өзге өңірлеріне де енгізіледі деп жоспарланып отыр. Ал, бұл жаңашылдық полицейлердің жұмысын жеңілдетіп, қағазбастылықты азайтпақ. Яғни, хаттаманы электронды түрде толтыру үшін жол ережесін бұзған жүргізушінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсе жеткілікті. Қалған жұмысты бағдарлама өзі-ақ тындырады. Тіпті тоқтатылған көлік туралы барлық ақпаратты көрсетіп береді. Осылайша жол полиция қызметкерлерінің жұмысы толығымен электронды жүйеге көшпек. Еске сала кетейік, осыдан 1-2 ай бұрын тәртіп сақшыларында айыппұлды бірден төлеуге мүмкіндік беретін пост-терминалдар пайда болған болатын.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login