Салықшылар алкогольдік өнім сататын дүкен иелеріне 20 шілдеге дейін жыл сайынғы лицензиялық жинақты төлеу керектігін тағы да еске салады. Себебі мерзімнің аяқталуына 1 апта ғана уақыт қалды. Алайда, кәсіпкерлер төлем жасауға асығар емес. Осы күнге дейін 300 саудагердің 200 ге жуығы ғана өз міндетінен құтылған. Қалған 100-і уақытында өтемақы жасамаса онда айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Оның сомасы өте қомақты. 340 мыңнан 1 млн 500 мыңға дейін. Айта кетейік, лицензиялық жинақтың сомасы бөлшек саудамен айналысушылар үшін 227 мың, ал көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер үшін 454 мың теңге.
Мариям Мұңайтбасова-жанама салықтар бөлімінің бас маманы: «Балқаш қаласы бойынша, мемлекеттік кірістер басқармасы ағымдағы жылдың 20 шілдесінде лицензиялық жиынның төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлайды. Төлемеген жағдайда әкімшілік жауапқа тартамыз. Егер бұл жағдай қайталанатын болса, онда лицензиясынан айырамыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login