Кәсіпкерлерге тиімді ұсыныс

Жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлерге тиімді ұсыныс жасап отыр. Жұмыс берушілер екі қолға бір күрек іздеушілерді еңбекпен қамтыйтын болса, онда жалақысының 35 пайызын мемлекет төлеуге әзір. Биыл мамандар осындай әдіс арқылы 48 адамды 6 айға әлеуметтік жұмыс орындарына жібермек. Мемлекеттік бағдарлама бойынша, ең бірінші кезекте мүгедектерді, зейнет алды жастағы азаматтарды және түзеу мекемесінен шыққан сотталушыларды еңбекпен қамту көзделген. Олардың жалақысы 66 мыңнан кем болмауы тиіс. Соның 23 мыңын Үкімет, қалған 40 мыңнан астамын кәсіпкер төлейді. Оған биыл республикалық бюджеттен 10 млн жуық қаржы бөлініпті. Қазір мамандар бұл бағдарламаға қатысуға ниет танытқан жұмыс берушілерлен өтінімдер қабылдауды бастап кетті.

Индира Қабылтаева, жұмыспен қамту орталығының маманы: Бұл бағдарлама кәсіпкерлерге өте тиімді. Олар біз жіберген жұмыскерлерге жалақының тек 65 пайызын ғана төлейді. Қалғанын үкімет өтейді. Ниет білдірген барлық жұмыс берушілерді осы бағдарламаға қатысуға шақырамыз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture