Балқашта аулаларды жөндеу жұмыстары басталды. Биыл қала бойынша 7 алаң көркі көз тартар орынға айналады. Аббаттандырылатын аулалар тізімінде Балқаш станциясы мен Қоңырат мөлтек ауданы да бар.
Уалиханов көшесіндегі 7 үйдің алаңында қызу жұмыс. Құрылысшылар ескі бордюрлерді алып, жаңа асфальт төсеу үшін жолды тегістеп жатыр. Бірер айда мұнда бәрі жаңадан орнатылады. Жарық тартылып, мына секілді ескі сәкілердің орнына замануилары әкелінеді.
Мердігер компания тек ауланы аббаттандырып қана қоймай, мына ескі спорттық алаңды да қайта қалпына келтіреді. Осылайша, балаларға баскетбол, волейбол ойнауға мүмкіндік жасалмақ. Ал, ересектерге арнап түрлі тренажерлер орнатылады.
Әнуар Самиев-ТКШ бөлімі жетекшісі:«Биылғы жылы осындай 2 спорттық алаңдар жөнделеді. Бірі Уалиханов екіншісі Русаков көшесінде. Басқа аулаларға балалар ойын алаңын саламыз. Биыл аулаларды жөндеуге 220 млн теңге бөлінді».
Айта кетейік, 2015 жылы аулаларды аббаттандыру бойынша 10 жылға арналған бағдарлама бекітілген болатын. Оған сәйкес биыл 14 алаң жөнделу керек еді. Алайда, бюджеттен қарастырылған қаржы соның тек жартысына бөлінген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login