25 балқаштық жас маман мемлекеттік бағдарламамен жұмысқа тұрды

Балқашта оқуын бітірген жастар мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмысқа тұруда. Осы жазда 25 жас маман жастар практикасына жіберілген. Солардың бірі Айнұр Хасенова. 26 жастағы бойжеткен қазір тұрғын үй қорын модернизациялау орталығында бухгалтер көмекшісі болып жұмыс істейді. Қызметке орналасқанына 2.5 ай болған. Әлі 4.5 ай қызмет етеді. Жалпы жастар практикасы 6 айға негізделген. Әр ай сайын мемлекет тарапынан жалақы төленіп отырады. Оның көлемі 56 мың 800 теңге. Биыл бұл бағдарламаға үкіметтен 10 млн жуық қаржы бөлініп отыр. Бұл сома 25 адамның 6 айлық жалақысын төлеуге көзделген.

Айнұр Хасенова-«жастар практикасы» бағдарламасына қатысушы: «Вакансия болған жоқ. Мен школдардың бәріне резюме тастап кеттім. Октябрдың ортасында. Бос орын болған жоқ. Центр занятостьқа бардым, акиматқа. Содан осы жерден бір орын бар деді. Содан осында келдім».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture