Балқашта жаңадан екі ескерткіш пайда болды

Балқашта жаңадан екі ескерткіш пайда болды. Ауғаныстан ардагерлеріне және Чернобыль апатын жоюға атсалысқандарға арналған монумент көл жағасындағы саябаққа орнатылды. Құны 15 млн тұратын бұл жоба сәуір айында бекітілген болатын. Мына бетоннан жасалған 4 метірлік ескерткіш Ауған соғысына қатысқан азаматтарға арналады. Онда Ауғаныстан жеріндегі тау мен жауынгерлер бейнеленген. Ал, чернобыль апатын залалсыздандырушылар үшін граниттен монумент тұрғызған. Онда апат көріністері суреттеліпті.

Манарбек Бормағанов-суретші-мүсінші: «Біз иынау постоментін полироавнный гранитпен қаптап жатырмыз. Сосын бояймыз. Сосын тастарын, жазуларын орнатамыз».

Ал, мәдениет сарайының артында тағы бір ескерткіштің орны дайындалуда. Онда қаланың 80 жылдық мерейтойына арналған 20 метірлік стелла пайда болады. Қазір құрылысшылар мрамордан жасалынатын биік тұғырдың фундаментін құйып жатыр. Оның басына Балқаш шаһарының елтаңбасы орнатылады. Ал, төмендегі оюлары мыспен көмкеріледі. Балқаш 80 жыл сөзі метадан құйылады.

Қуаныш Әбілов-бригадир: «Кеше осьтарын шығардық. Угольдарын шығыру керек. 30 градус Бүгін мыналарды орнату керек. Содан кейін бетон құйылады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture