Алдағы күндері Балқашта шіліңгір ыстықтың беті қайтады. Қазгидромет өкілдері 11-13 шілдеге арналған ауа-райы болжамын жария етті. Мамандардың айтуынша, солтүстіктен ылғалды және салқын ауа келеді. Сол себепті ауа-температурасы біршама төмендеп, жаңбыр жауады деп күтілуде. Деседе, ертең күн ыстық болады. Сынап бағанасы 33 градусқа дейін жетеді. Ал, 12 нен бастап температура төмендей бастайды. Күндіз 27-29, түнде 17-19 градус болмақ.
Валентина Бродовская-«Қазгидромет» орталығы филиалының ауа-райын болжау бөлім басшысы: «Ауа температурасы тек қана төмендеп коймай, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады деп күтіледі. Мұндай ауа-райы 12 нен бастап 3 күнге созылуы мүмкін».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login