Балқаш көлінде жоғалған балықшының денесі табылды

Судан келген ажал. 4 күн бұрын балыққа шығып хабарсыз кеткен Приозерск қаласы тұрғынының мүрдесі табылды. Денені жергілікті судан құтқару бөлімшесінің мамандары Приозерсктен 15 шақырым қашықтықтан алып шықты. Еске сала кетсек, 50 жастағы балықшы 2 шілде күні «Амур» қайығымен балыққа шыққан. Бір күннен соң үйге оралмағандықтан, туыстары құтқарушыларға хабар берген. Ал 4 мамандар 4 күн бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Және кеше түстен кейін Приозерск қаласының маңынан тапты. Мүрде судың бетінде қайықтың пластикалық багына байлаулы күйінде көлден шығарылды. Бірақ қайықтың өзі табылмады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture