Балқашта азық-түлік қымбаттады

Балқашта 20 ға жуық азық-түліктің бағасы қымбаттады. Жаңа жылдан бастап 250 теңге болған күріш 255 ке көтерілсе, 235 теңгеге сатылған вермишель 5 теңгеге жоғарылаған. Құны өскен тағам өнімдері арасында рожки, сиыр мен тауық еті, қаймақ, сүзбе және сары май бар.Сонымен бірге көкеніс пен жеміс-жидектің бағасы да біраз қымбаттады. Мысалы, алма 20 теңгеге, жуа, картоп, қызылша 10 теңгеге өссе, қияр мен қызанақ 600 теңгеден 800 теңгеге бірақ көтерілген. Мамандар, азық-түлік құнының өсуіне тауар өндірушілердің бағаны көтеруі себеп болды десе, көкеніс құнының артуын қоймадағы тауар көлемінің азайуымен және олардың сақтау мерзімінің аяқталуымен түсіндіріп отыр.
СНХ:Жамира Рахпанова-кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі жетекшісінің орынбасары
«Біз бағаны тұрақтандыру үшін апта сайын жәрмеңке ұйымдастырамыз. Біз ақтоғайдан келетін шаруашылық қожалықтарымен меморондумға отырғанбыз. Олар, әкелген ет өнімдерін біз белгілеген бағамен сатады. Сондай-ақ тұрақтындыру қорынан алынған тағам өнімдерін арзан бағамен әлеуметтік павильиондарда сатып отырмыз.

Деседе, бағасы төмендеген азық-түлік өнімінің 7 түрі бар. Мысалы, бірінші сортты ұн және өсімдік майы 10 теңгеге, қант 20 теңгеге, осыған дейін құны шарықтап келген қарақұмық 30 теңгеге арзандаған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture