Балқашта 6 әйелден сүт безінің қатерлі ісігі анықталды

Балқашта 6 әйелден сүт безінің қатерлі ісігі анықталды. Оның бірінде ауруы 2 сатыда белгілі болса, қалған үшеуінде үшінші сатысы яғни асқынған түрі кездескен. Нәзік жандылар ауыр дертке шалдыққандарын скрингингтік тексеріс кезінде білген. Қазір олар тиісті ем қабылдауда. Сондай-ақ тағы 2 адамнан өңеш және асқазан қатерлі ісігі табылды. Ал, дәрігерелер дертті дер кезінде анықтап, уақытысында емдеу үшін 30 бен 70 жас аралығындағы қала тұрғындарын скринингтен өтуге шақырады. Ол бойынша жатыр мойны обырын анықтау әйелдерде 35 жастап бастап әр 5 жыл сайын, ал сүт безі ауруларын тексеру 50 жастан бастап әр 2 жыл сайын жүргізіледі. Ер адамдарда қуық асты безі тексеріледі. Сонымен бірге, 50 мен 70 жас аралығындағы адамдар өңеш, ішек, асқазан жолдарын тексертуі тиіс. Айта кетейік, міндетті медициналық бақылаудан өту әр тұрғын үшін тегін.

Улпач Баймұрзаев-диагностикалық орталық бөлімше меңгерушісінің м.а:»Скрининг кезінде әр түрлі аурулар болуы мүмкін. Мастопатия мысалы әйелдерді. Асқазан өңеш тексерген кезде асқазан қабынуы болуы мүмкін. Кейде асқазан жарасы болуы мүмкін. Соларды біз әрі қарай емдеуіміз керек».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture