Биыл Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 350 жыл

Дүйім жұртты аузына қаратқан шешен. Биыл Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 350 жыл. Дала данышпаны деген атаққа ие болған Қазыбек Келдібекұлының мерейтойын Қарағанды облысы дүркіретіп тұрып тойламақ. Ауқымды шара тамыз айының 17 күні кемеңгердің атақонысы Егіндібұлақ ауылынан бастау алады. Бұл тойдың Қарағанды облысында тойлануы тегіннен тегін емес. Себебі Қазыбек би кезінде орта жүздің бас биі болған. Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшесі ретінде түрлі ел арасындағы дауларды шешуге атсалысқан. Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы кикілжіңді шешуде үлкен рөл атқарған. Сондай-ақ қазақтың алғашқы заңы Жеті жарғыны құрастырушылардың бірі.

Дәулет Қожақов – тарихшы: «Ол кісі Тәке ханмен бірігіп, 17-18 ғасырдың бас кезінде әдет-ғұрыпына негізделген жеті жарғыны құрастыруға қатысқан. Содан кейін сыртқы саяси дипломатиялық арқасында екі ірі мемлекеттік Ресей мен Қытай қарым қатынасында үлкен рөл атқарған дмпломат екені белгілі болып отыр».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture