28 жастағы екі баланың анасы рахымшылыққа ілікті! Айлакерлікпен айналысқан келіншектің жазасы 5 жылдан 2 жыл 6 айға дейін қысқартылды. Осындай үкімді кеше сот алқасы шығарды. Ломбардтың бұрынғы қызметкері, 28 жастағы келіншек айлакерлік әрекетімен өткен жылы ұсталған болатын. Сарапшы-бақылаушы болып істеген маман 1 жарым жыл бойы алтындарды қабылдап, одан шыққан соманы құжатқа аз қылып жазып ломбардтан 2 млн 34 мың теңге арам ақшаны қалтасына басқантын. Және бұл әрекеті ревизия кезінде анықталды. Бірақта, айлакердің 5 жас және 1 жастағы екі баласы болғандықтан темір торға қамалмады. Сол себептен, сот бұрынғы ломбард қызметкеріне 5 жылға дейін бостандықта жүріп, жазасын өтеуге мүмкіндік берген еді. Ал рахымшылық заңына оның жазасын өтеу мерзімі тура жарты жылға қысқартылды.
Ескендір Бейсембаев- Балқаш қалалық пробация қызметінің бастығы
« Аталған азаматшаның сот процессі бойынша азаматшаның екі кәмелетке толмаған балалары бар.Сондықтанда рахымшылық заңына сәйкес 5 жыл кейінге қалдырылған жазасы екі жарым жылға қысқарды. »
Рахымшылық заңы күшіне енген сәттен бастап қалалық пробация бөлімі сотталған азаматтардың 92-сінің құжатын сотқа жіберді. Бүгінгі күні оның 57-сі қаралып, қылмыс жасаған 18-і жазадан толық босатылды. 4- сотталушының мерзімі қысқарып, қалғандарына шығарылған сот үкімі әлі күшіне енбеді.Айта кетейік, 25 жылдық аясында жасалып отырылған рахымшылық заңының аяқталуына 4 ай уақыт қалды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login