Еліміздің әуежай бекеттерінде айыппұл төлейтін терминал іске қосылды

Еліміздің үш қаласының әуежай бекеттерінде айыппұлдарды төлейтін терминал іске қосылды. Енді шетелге ұшпас бұрын кез-келген жолаушы Алматы, Астана және Қарағанды әуежайларында берешектерін өтей алады. Терминалдар Әділет министрлігінің дерекқорына біріктірілген. Сондықтан борыштың өтелгендігі туралы ақпарат-жауап жолаушыға 15 минут ішінде беріледі.Және ел шекарасынан шығуға шектеу 30 минутта алынады. Мұндай терминалдарға 2 млн. теңгеге дейін ақша салуға болады. Айта кетейік, аталмыш аппарат 2015 жылдағы 1 шілдеден бастап берешектер қатарында тұрған азаматтарды ғана автоматты түрде шағырып тастайды. Ал бұрынғылар сот орындаушыларға барып, жүгінулері қажет.

Жазбек Келдібеков- жеке сот орындаушы
«Егерде мемлекеттік сот орындаушы болса онда арнайы бөлімшелер бар сот орындаушылар бөлімі қала, райондарда сол жерге барып шешкізуге болады. Ал жеке сот орындаушы болса облыстық өңірлік алқаға хат арқылы жолдау керек. Тіпті болмаса сайт арқылы тікелей шешкізуге болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture