Қазақстанда утилизацияға өткізілген ескі көліктердің орнына сертификат беріледі

Елімізде утилизацияға өткізілген ескі-құсқы темір тұлпарларға жеңілдік сертификаттары беріле бастады. Яғни кәдеге жаратуға тапсырылған ескі көліктің орнына жаңасын жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік бар. Бағдарламаға жеңіл көліктермен бірге жүк көліктері және ажолаушылар втобустары да қатыса алады. Акцияның шартына сәйкес шағын темір тұлпарлардың шыққан мерзіміне, маркасына ешқандай шектеу қойылмаған. Ал, автобустар мен жүк көліктерін тапсырарда қойылатын жалғыз талап –оның жұмыс істеп тұруы және шығарушы зауыттың жабдықтауына сәйкес келуі. Бағдарлама шарттары бойынша, тапсырылған ескі техниканың орнына оның иесі Қазақстанда жасалған экологиялық таза, жаңа көлік құралын жеңілдікпен сатып алуға сертификат алады. Сертификаттағы жеңілдік сомасы 315 мың мен 650 мың аралығында. Егер өолма-қол ақша аламын десеңіз де, өз еркіңізде.

Жомарт Рақымжан-«ӨКМ операторының» өкілі
«Қыбалдай бекеті Қазақстанның 17 қаласында жұмыс істеп тұр. Жаңағы сертификат бойынша айтатын болсақ, ескі көлігіңізді өткізіп оның орнына сертификат беріледі. Сол сертификатпен біздің сайтымызда бар қандай автоөндірушілерден автокөлік алуға болады. Солардың сайтына кіріп таңдаған автокөлікті алып, жаңағы жеңілдетілген сертификатты пайдалануға болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture