Күллі елдің басын қосқан ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашалау уақыты өзгерді. Енді күндіз қол тимейді дегендер кешке барып жасыл технологияны көре алады. Астана күніне орай шілде айының 1 мен 10 аралығында кешкілік билеттер сатылымға шықпақ. Ол сағат 18.30-дан бастап қолданысқа жарамды. Кешкілік билеттер жұмыс күндері 2 мың теңге болса, демалыс күндері 3 мың теңге. Билетке 50 пайыздық жеңілдік те қарастырылған. Бірақ ол бәріне бірдей беріле бермейді. Сонымен қатар демалыс күндері 17 жасқа толмаған жасөспірімдерге көрмеге кіру тегін. Ал 12 жасқа дейінгілер міндетті түрде үлкендермен келу керек. Сондай-ақ өзімен бірге жасын дәлелдейтін құжаты болуы шарт.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login