Қала әкімі балқаштық журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады

Ал, бүгін қалалық әкімдікте қаламын қару еткен тілшілер қауымын шаһар басшысы құттықтады. Ақ тілегін жеткізіп, қаланың тыныс-тіршілігін елге жеткізуге елеулі үлес қосып жүрген бақ өкілдерін алғыс хатпен марапаттады. Жиында журналистермен бірге байланыс қызметкерлері де бас қосты. Бәрі де өз саласында талмай еңбек етіп жүрген мамандар. Салтанатты жиынға арнайы шақырту алған тілшілерді, монтаж жасаушыларды және оперторларды қала әкімі Александр Аглиулин төл мерекелерімен құттықтап, алғыс хат табыстады. Мұндай мараптқа 10 адам ие болды. Олардың арасында әріптестеріміз оператор Руслан Сепен мен «production» бөлімнің жетекшісі Нұрсұлтан Жұмасейітовте бар.

Гүлназ Медеубаева – «Казпочта» АҚ кадр бөлімінің маманы:»Қахпоштада жұмыс жасап жатқаныма 4 жылдай болды. Клиенттермен тығыз байланысты жұмысымыз. Хаттарын, кредиттерін қабылдаймыз. Осындай мерекемен құттықтап жатқандарыңызға басымды иемін. Рахмет».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture