Қазақстанда отандық шипажайларда демалу құны қанша тұратыны есептелді

Қазақстанда отандық шипажайларда демалу құны қанша тұратыны есептелді. Жаздың бір күнін көңілді өткізу үшін 4 мың мен 50 мың аралығында жұмсауға тура келеді. Мысалы, Алакөлде бір орынды нөмір жалдау 8 мыңнан басталады. Ал, Алматы облысындағы Шұнжада бір адамға 5-8 мың кетеді. Бурабай курортында люкс номерде тынығу 30 мың теңге шамасында. Балқашта бұл баға 15 мыңнан басталады. Ал, балқаштықтар жаздық демалысқа қанша қаржы жұмсауға даяр? Оны сауаланамадан білейік.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture