Балқаштық полицейлер үйінен қашқан баланы жарты жолдан қайтарды. 12 жастағы қыз ата-анасымен ұрысып, ренжіскеннен кейін өздігімен Қарағанды да тұратын әжесіне бармақ болған. Ол үшін таңертең ерте тұрып, киімдерін жинап жолға шығады. Әбүйір болғанда оны танитын Гүлшат кентінің тұрғындары кездескен. Содан қызды Балқаш қаласына кіре беріс жердегі полиция пунктіне жеткізіп, тәртіп сақшыларына өткізген. Полиция қызметкерлері бірден ата-анасын шақыртыпты. Екі жақпенде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Егер, балалары мұндай әрекетін тағы қайталайтын болса, онда ол есепке алынады. Ал, әке-шешесі ата-құқынан айырылуы мүмкін.
Мария Гиждевская – ювенальды полиция тобының учстке полициясы
«Анасының айтуынша, қызының бұлайша қашып отырғаны бірінші рет. Біз мұндай жағдай қайталанатын болса әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендіктерін ескерттік. Ал, қыз болса енді қашпаймын деп уәде берді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login