Сапасыз жолдар сыр берді.Балқаштық жүргізушілер Ағыбай батыр көшесінің бойымен жүріп-тұруымыз қиындай түсті. Ленин мен Қараменде би көшесінің ортасы қауіпті аймаққа айналды деп шағым айтуда.
Естеріңізде болса, бұл көшеде бір ай бұрын «Балқаш Су» мекемесі тозығы жеткен 25 құдыққа жөндеу жұмыстарын жасап, қақпақтарын ауыстырған еді. Алайда, коммуналшылар істерінің соңын дұрыс аяқтамай, құдықтардың жанын шұңқыр-тесік қылып кетті. Ал оның кесірін көлік иелері тартуда.
Ал бұл мәселені тұрғын үй шаруашылық бөлімінің қызметкерлері алдағы бір айда жойылады деп уәде етті. Онда құрылысшылар шілде айының бірінен бастап жолдың жөндеу жұмыстарына кіріспек.
Әнуар Сәмиев – ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Бүгінгі күні Балқаш Су мекемесі тиісті жұмыстарды аяқтады. Енді шілде айынан бастап құрылысшылар Ағыбай көшесіне , оның ішінде Лениннен Жезқазған көшесіне дейін орташа деңгейде жолдарды жөндейтін болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login