Балқашта бап пен бақ қоса сыналатын ұлттық бірыңғай тест аяқталды. Өңірде ең жоғарғы көрсеткішке №2 Абай атындағы лицейдің түлегі ие болды. Жанар Маркс есімді оқушы 140 ұпайдың 130-ын жинап шықты. Түлектердің түн ұйқысын төрт бөлген сынақ маусым айының 23 мен 25 күндері өткізілді. Оған Балқаш, Ақтоғай ауданы мен Саяқ , Приозерск қаласының 293 оқушысы қатысты. Тест барысында ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеді. Бірақ, 11 жылдық білімді саралайтын емтиханнан сүрінгендер анықталды. 16 мектеп бітіруші шекті деңгейдегі 50 балды жинай алмады. Ал тестіде тіркелген ең төменгі ұпай 28-ді құрады.
Баян Нұржанова – ҰБТ өткізу пунктінің жетекшісі
«Ұпай жинай алмаған түлектерге тамыз айында екінші мүмкіндік беріледі. Тамыздың 1 мен 8 күндері өтініштерді қабылданып, 19 мен 24 күндері сынақ жүргізіледі. Бірақта, оған тек шекті балды жинай алмағандар қатысады».
Кей түлекті қуантып, кейбірін мұңайтқан сынақта Балқаш қаласы бойынша орташа бал 80,5 –ті құрады. Оның ішінде 40 түлек жүзден жоғары ұпайды жинады. Рекордтық балға №2 Абай атындағы лицейдің түлегі ие болды. 130 балды Жанар Маркс иеленді. Ал Саяқ кентінің тұрғыны Диас Ғалымжанов бір саты төмен, 129 балды қанжығаласа,125 ұпайды №15 мектеп лицейінің түлегі Гүлайым Бірғалиева жинап шықты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login